ҚТЖ базасында Иран, Әзербайжан, Грузия, Түркия порттарынан теміржол терминалдық желілері құрылады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» компаниясының базасында Иран, Әзербайжан, Грузия, Түркия порттарынан теміржол терминалдық желілері құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында мәлім етті.

Оның айтуына қарағанда, «Қазақстан темір жолы» компаниясын ұлттық көлік-логистикалық компаниясына трансформациялау аясында бірнеше шара қаралып отыр. Олар:

- әлемдік көлік-логистикалық компаниялармен (PSA, DBShenker, CoscoShipping, DPWorld және т. б.) синхрондау, «тар жерлерді» жою және тасымалдау құжаттарымен жіксіз алмасуды, халықаралық нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін Бірыңғай цифрлық дәліз құрумен кооперация жасау;

- PSA компаниясымен бірге көлік дәліздерін цифрландыру;

- Иран, Әзірбайжан, Грузия және Түркия порттарында сыртқы терминалдық желілер құру;

- корпоративтік шешімдерді қабылдауға қатысу, тарифтік саясатты келісу және операциялық қызметті арттыру арқылы «Қазақстан темір жолы» компаниясын операциялық қызметінде мемлекеттік реттеуді күшейту;

- көлік-логистика саласын одан әрі дамыту үшін ғылыми қолданбалы әзірлемелердің ұлттық базасын құру.

«Осы іс-шараларды іске асыру Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілетін болады», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Соңғы жаңалықтар