ҚТЖ батысқа шөп жөнелтушілерге ұсынған 77 пайыздық жеңілдікті 31 тамызға дейін ұзартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы оңтүстік өңірлерден батыстағы қуаңшылыққа тап болған өңірлерге шөп жөнелтушілерге ұсынған жеңілдікті 31 тамызға дейін ұзартты, деп хабарлайды тілшісі.

«Самұрық Қазына» ақпарат алаңында өткен брифингіде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Оралхан Құлақов «Самұрық Қазына» ақпарат алаңында осындай мәлімет айтты.

«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы Қазақстанның өңтүстік өңірлерінен Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының қуаңшылықтан зардап шегіп жатқан ауыл-аудандарына жемшөп тасымалдауды жылдам ұйымдастыру туралы өтініштерге құлақ асып, қабыл алған болатын. Шілденің қорытындысы бойынша жүк жөнелтушінің өтінімі бойынша 167 вагон престелген шөп батыс өңірлердегі стансаларға жөнелтілді. Өтінімде 208 вагон деп көрсетілген. Яғни, 80 пайыз орындалды. Бұл жердегі ең басты мәселе - біз үлкен жеңілдік ұсындық. Шығындарды өз мойнымызға алып, тасымал жасадық», - деген «ҚТЖ» өкілі жеңілдік қыркүйек айына дейін жалғасатынын атап өтті.

«Өтініштер әлі түсіп жатыр. Компания басшысы шешім қабылдады. Жеңілдіктерді 31 тамызға дейін созатынымыз бүгін белгілі болды. 31 тамызға дейін шілде айында қолданылған жеңілдік бойынша Қазақстан аумағында престелген шөп тасымалдаймыз. Мен жаңа ғана басқармада болып, аталған шешімге қол қойып келдім. 31 тамызға дейін жөнелтушілер аталған өңірлерге престелген шөпті 77 пайыздық жеңілдікпен еш кедергісіз жібере алады», - деді Оралхан Құлақов.


Соңғы жаңалықтар