ҚТЖ басшылығы Шыңжаң-Ұйғыр автономия ауданы коммунистік партия хатшысымен кездесті

None
ҮРІМШІ. ҚазАқпарат - Үрімшіде «Қазақстан темір жолы» ҰК«АҚ басшылығы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) коммунистік партиясының хатшысы Ма Синжуй мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараптар теміржол тасымалының тұрақты өсу қарқынын атап өтті.

Өткен жылы өсім - 14,5 %, ал ағымдағы жылдың алғашқы екі айында - 30% құрады, оның ішінде Қазақстаннан ҚХР-ға экспорт 1,6 есе өсті.

Кездесуде көлік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері - Бақты-Тачэн үшінші теміржол шекара өткелінің құрылысы, Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективалары талқыланды.


ШҰАА басшылығы Үрімші қаласында ҚТЖ терминалын құруды қолдайды және Алматы агломерациясында барлық қажетті көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бар сауда хабын құру жобасына қолдау білдірді.

Ынтымақтастықты күшейту үшін тараптар тұрақты негізде кездесіп тұруға келісті.


Соңғы жаңалықтар