ҚТЖ басшылығы бизнеске кедергі жасап, 1,5 млрд теңге залал келтірген - прокуратура

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Арызға сәйкес, келген алдын ала залал - 1,5 млрд теңгеден астам.

Тергеу процесі прокурорлар тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.


Соңғы жаңалықтар