ҚТЖ Бас прокуратурадан қыз зорлаған жолсеріктердің жазасын күшейтуді сұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және компания қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасынан жолаушыны жәбірлеген жолсеріктердің жазасын қатаңдатуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауат Мыңбаев ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке арнайы хат жолдады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен қызметкерлері 2018 жылдың 26 қыркүйегінде пойыз жолаушысына жәбір көрсеткен бұрынғы жолсеріктер Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязовтың әрекетін қатаң сынайды», - делінген әлеуметтік желіде жарияланған хат мәтінінде.

Осыған байланысты, компания бұрынғы жолсеріктерге жасаған қылмысына лайық жаза тағайындауды сұраған.

Айта кетейік, Бас прокуратура мен ҚТЖ аталған хатты растады.

Еске сала кетсек, қылмыс өткен жылдың аяғында болған. Әйел елордадағы ғылыми конференцияға қатысып, туған қаласына келе жатқан. Күдіктілер жымысқы әрекетін іске асырған кезде пойыз Қостанай облысының Таран ауданы аумағында болғандықтан, іс Таран аудандық сотында қаралды. 26 шілдеде екі жолсерікке үкім оқылды.


Соңғы жаңалықтар