ҚТЖ Әзербайжан темір жолымен байланысты нығайтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы темір жол тасымалы 2021 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсіп, 3 млн тоннадан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсіресе екі ел арасында астық, тау-кен, металлургия өнімдерін тасымалдау арта түскен.

Ең жоғары өсім – Қазақстаннан, оның ішінде Әзербайжан арқылы экспорт 7 есеге өсіп, 2,7 млн тоннаға жеткен.

2023 жылдың 1 тоқсанында да екі ел арасындағы тасымалдар оң серпін беріп, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 40%-дан астам өсім көрсеткен.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты қатысушылары арасындағы операцияларды синхрондау мақсатында Әзербайжан тарапымен бірлесіп, қозғалысты жоспарлау және үйлестіруге арналған виртуалды диспетчерлік орталық құрылды, бұл жүктердің қозғалысы туралы мемлекетаралық ақпарат алмасуды жақсартуға мүмкіндік береді.

«Жалпы алғанда тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын ынталандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін Транскаспий халықаралық көлік бағыты әлеуетін ашу – дамудың басты векторларының бірі болып қалады», - делінген ұлттық компания хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар