+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ҚТЖ алдағы жылу беру маусымына орай көмір тасымалдауды бастады

2021 жылғы 22 шілде 20:30
Бөлісіңіз:
ҚТЖ алдағы жылу беру маусымына орай көмір тасымалдауды бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас кеңсесінде теміржолшылар мен көмір тасымалдаушылар кездесіп, алдағы жылу маусымына байланысты туындайтын өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске энергетика министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өкілдері жәәне ірі көлемде көмір тасымалдаушылар қатысты.

Осы жылғы алты айда шойын жол арқылы 51,5 млн тонна тас көмір тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4% көп. Оның ішінде отандық тұтынушыларға 36,3 млн. тонна жеткізілген. Салыстырмалы түрде алғанда бұл былтырғы көрсеткіштен 9% жоғары. Ал, экспортқа 15,2 млн тонна көмір жөнелтілді.

«Екі мәселеге баса назар аударғым келеді. Біріншісі, жыл бойы көмірдің біркелкі тиелуі және тамыздан бастап отын түрінің сатып алына бастауы. Бұл жұмыс реті тиімділігін көрсетіп қана қоймай, күзгі-қысқы маусымда көлік тапшылығына ұрынбауға септігін тигізді. Сондықтан барлық мүдделі топтың осы қағиданы берік ұстанғаны абзал. Екіншісі, «Қазтеміртранс» АҚ өзге де меншік иелері секілді нарықта жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты жүк жөнелтушілердің тасымалданатын көмірді көлікпен қамтамасыз ету жағына барлық меншік иелерімен алдын ала келісіп алғаны жөн», - деді «ҚТЖ»КИ» АҚ Басқарма Төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Оралхан Құлақ.

Қазақстан аумағында 63 мыңнан астам ашық вагон (полувагон) бар, олардың 40 мыңнан астамы - ҚР жеке меншік иелері мен көрші мемлекеттер вагон операторларының балансында.

Кеңес қорытындысы бойынша осы жылдың 1 тамызына дейін ҚТЖ-да көмір тасымалдау мәселелері жөніндегі штаб жұмысын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT