+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

ҚТЛ-дар Түркия білім министрлігінің басқаруына өтпейді - ҚР БҒМ

2017 жылғы 6 наурыз 21:33
Бөлісіңіз:
ҚТЛ-дар Түркия білім министрлігінің басқаруына өтпейді - ҚР БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 наурызда Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныктың қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркия білім министрлігі басқаруына өтетіндігін айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығарды. Бұл туралы министрліктің ресми мәлімдемесінде айтылды.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі «Білім-инновация лицейлерінің» толықтай қазақстандық білім беру мекемелері екендігі туралы, сондай-ақ олардың өз қызметін қалыптасқан жағдайда жалғастыратыны туралы ресми мәлімдейді.

Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныктың 2 наурыз күні қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркияның білім министрлігі басқаруына өтетіндігі туралы айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығаратыны туралы мәлімдейді. ҚТЛ «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылып, қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді», - делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Сонымен қатар жаңа атау берілген оқу орындарының жұмысы өзгермейтіндігі аталып өтілді.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша бірігіп мәлімдеме жасайды. Оған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды Түркия елшісінің жасаған мәлімдемесі бойынша алаңдамауларын сұрайды. «Білім-инновация лицейі» жұмысының әдеттегі тәртібі өзгеріссіз қалады», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, «Білім-инновация лицейі» - жұртшылық арасында жоғары бедел мен құрметке ие болып отырған білім беру мекемесі. Қазақ-түрік лицейлерінің бәрі 2016 жылы «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT