ҚСЗИ мен «Валдай» қоры ынтымақтасуға келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сарапшылары мен «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының Ресейлік даму және қолдау қорының басшылығымен кездесуі өтті.

Диалогқа «Валдай» қорының басшылығы: кеңес төрағасы Андрей Быстрицкий, атқарушы директор Надежда Лаврентьева, бағдарламалық директор Тимофей Бордачев, атқарушы директордың кеңесшісі Анна Старкова қатысты.

ҚСЗИ делегациясының атынан, институт директоры Ерлан Карин, директордың орынбасары Санат Құшқымбаев, Қазбек Исаев және ғылыми қызметер Ескендір Ақылбаев қатысты.

Талқылау барысында тараптар қазақстандық және ресейлік «ой орталықтарының» арасындағы ынтымақтастықты нығайту және дамытудың негізгі мәселелерін қарастырды.

Әріптестерімен амандаса отырып, Андрей Быстрицкий Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы көптеген салаларда тиімді дамып отырғанын және сарапшылық-талдау саласындағы серіктестікті реттеу екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.
Кездесу қорытындылары бойынша, ҚСЗИ мен «Валдай» қорының арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында тараптар қазақстандық-ресейлік сарапшылық кеңестің құрылуы және бірлескен зерттеу жобаларының жұмысын жүргізу жөнінде келісті.

Соңғы жаңалықтар