ҚСЗИ ғылыми қызметкері Анна Альшанская: Конституция - азаматтардың еңбек құқықтарының кепілдігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің басты заңы билік және қоғам институттарының іргетасын қалыптастырды, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қажетті шарттарын жаратты, сондай-ақ еңбек нарығының нығаюына үлес қосты. Мұндай пікірін ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының  (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері Анна Альшанская білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституцияның басты қағидасы -  мамандықтар мен қызмет ететін алаңды таңдауда,  еңбек етуде бостандықтың болуы. Азаматтардың  қауіпсіз еңбек шарттары, атқарған қызметтерінің лайықты бағалануы мен жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуы мемлекет тарапынан конституциялық құқықпен қорғалады және  оларға кепілдік беріледі.

Халықты жұмыспен қамту Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты міндеттерінің бірі болып табылады.  Еңбек құқықтары жұмыспен қамтылу үрдістерін нығайтты. Бұл жұмыспен қамтылудың жоғары дәрежесінің сақталуы мен әлемдік өлшемде - жұмыссыздықтың азаюына оң әсерін  тигізді.   1995 жылдан бері елдегі жұмыссыздық деңгейі 2 есеге азайды. Жұмыссыздықтың жастар арасындағы көрсеткіші төмендеді. Жұмысбасты бір қызметкердің ЖІӨ 2 есеге өсіп, 45,6 мың  АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткіші  де өзгеріске ұшырады. Жоғары және орта арнайы білімі бар азаматтардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылған халық үлесінде 70%-ға дейін жетті.  

Бүгінгі таңдағы ақпараттандыру мен ғылыми-техникалық үрдістердің арқасында  еңбек нарығының  дамушы секторлары мен экономиканың салаларында еңбек нарығының жаңаруына қажеттілік туындауда. Бұл үрдістегі әлеуметтік-еңбек қатынастары мен жұмыс орындарының сақталуында  қызметкерлердің заңмен қорғалуы басты талап болып қалуы қажет.

Соңғы жаңалықтар