Ксения Рондо «Тілім - менің байлығым» мәнерлеп оқу байқауында жеңімпаз атанды - Павлодар

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Малайсары ауылының 11 сынып оқушысы Ксения Рондоның Павлодар қаласында өткен «Тілім - менің байлығым» мәнерлеп оқу байқауында өлеңді сезімге беріліп, әртістік шеберлікпен оқи білуі оған бұл бәсекеде жеңіс әкелді, деп хабарлады Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Самат Құшмағұлов.

Бұл байқау «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның қабылдануына 25 жыл толуына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылып өткізілді. Оған аудандық және қалалық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Бірінші кезеңде қатысушылар мемлекеттік тілде, екінші кезеңде армян, молдаван, моңғол, орыс, татар, неміс және шешен тілдеріндегі шығармаларды мәнерлеп оқыды.

Байқауға қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасы олардың оқу мәнерін, әртістігін, сахналық мәдениетін есепке алды.

Қазылар алқасы сондай-ақ байқауда екінші орын алған екібастұздық Аделина Овчаренконың мәнерлеп оқу өнерін ерекше атап өтті. Ал Павлодар қаласының оқушысы Майя Иванова үшінші орынды еншіледі. Тағы бір айта кетер жайт, қатысушылардың өлеңдерді мемлекеттік тілде оқуы да ерекше әсер қалдырды. Шығармашылық сайыстың қорытындылары бойынша оған қатысқандар дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар