+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Круиз лайнеріндегі қазақстандықтар ертең елге оралады - СІМ

2020 жылғы 21 ақпан 15:25
Бөлісіңіз:
Круиз лайнеріндегі қазақстандықтар ертең елге оралады - СІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияда карантинде тұрған круиз лайнеріндегі қазақстандық жолаушылар елге қайтуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің ақпаратына сәйкес, бүгін «Diamond Princess» круиз лайнерінде болған тағы екі азаматымыз жерге түсірілді.

«Олар қазір Токио қонақ үйлерінің бірінде демалуда. Осылайша, аталмыш лайнерде болған біздің барлық азаматымыз коронавирусты анықтайтын тестіден өтіп, вирус жұқтырмағаны белгілі болды. Олар ертең елге оралады деп күтілуде» делінген хабарламада.

Біздің Токиодағы дипломаттар лайнерде Қазақстан азаматтары бар екені белгілі болған сәттен бастап олармен тұрақты байланыс орнатып, қажетті барлық консулдық-құқықтық көмекті көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT