Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында әлемдік рекордты жаңартты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында ойын көрсету жөніндегі әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Португалия J тобында Лихтенштейн құрамасымен кездесіп жатыр.

Аталған матчта Криштиану Роналду негізгі құрамда жасыл алаңға шықты.

Бұл - португалиялық шабуылшының ұлттық құрама сапындағы 197 ойыны. Осылайша ол әлемдік рекордты жаңартып отыр.

Криштиану Роналду Кувейт сапында 196 ойын өткізген Бадер Аль-Мутавты артқа тастап кетті.

Сондай-ақ, Малайзия құрамасынан Со Чин Энна ұлттық құрама жейдесінде 195 кездесу өткізген еді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Словенияға 1:2 есебімен жол берді.

Фото: sportsweek.org

Соңғы жаңалықтар