+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Криштиану Роналду тарихтағы алғашқы миллиардер футболшы атанды

2020 жылғы 5 маусым 18:16
Бөлісіңіз:
Криштиану Роналду тарихтағы алғашқы миллиардер футболшы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат «Ювентустің» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду $1 млрд табыс тапқан әлемдегі алғашқы футболшы болды. Бұл туралы америкалық Forbes журналы хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
УЕФА Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасының матчтарын отандық телеарналар көрсетеді Футболдан Италия чемпионаты мәресіне жетті Футбол: Англия кубогында лондондық «Арсенал» жеңімпаз атанды

35 жастағы ойыншы 2020 жылы $105 млн ақша тауып, Forbes рейтингінде төртінші орын иеленді. Аргентиналық Лионель Месси ($104 млн) тізімде бесінші орынға жайғасқан. Ол келесі жылы миллиардерлер тізімін толықтыруы мүмкін. Ал Роналду спортшылар арасында теннисші Роджер Федерерден кейін ($106,3 млн) екінші болды.

$1 млрд қаржының $650 миллионы футболшының 17 жыл бойы кәсіби мансабында алған жалақысы екені аталып өтілді. «Ювентуспен» келісімге сәйкес, 2022 жылы бұл сома $765 млн қаражатқа өсуі тиіс.

Роналду «Ювентус» құрамында 2018 жылдың жазынан бері алаңға шығып келеді. Бұған дейін ол испандық «Реал», Англияның «Манчестер Юнайтеді» мен португалиялық «Спортинг» құрамында ойнады. Ол бес рет «Алтын доп» иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, үш дүркін Англия чемпионы, екі рет Испания және Италия чемпионы болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT