Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Португалия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Испаниялық «Marca» газетінің жазуынша, «Аль-Наср» клубының басшылығы Роналдуға 2,5 жылға келісімшарт ұсынған.

Келісім бойынша португалиялық ойыншы жылына 200 млн еуро табатын болады. Бұған оның жалақысы мен жарнамалық келісімшарттары кіреді.

Басқа клубтар мұндай ірі көлемдегі келісімшартты ұсына алмайтындықтан, Роналдудың аталмыш команданың қатарынан табылуы әбден ықтимал.

Қазіргі кезде К.Роналдудың Португалия құрамасы сапында Қатардағы әлем чемпионатына қатысып жатқаны белгілі. Ол – осы дүниежүзілік додадағы клубсыз жүрген жалғыз ойыншы. Португалия H тобында алғашқы екі кездесуінде жеңіске қол жеткізіп, соңғы ойынның нәтижесіне қарамастан, плей-офф кезеңіне шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың «Манчестер Юнайтед» клубынан кеткенін, Португалияның Франция мен Бразилиядан кейін плей-офф кезеңіне шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Иран-АҚШ матчы несімен әлем назарын аударып отыр.

Эквадорды жолдан тайдырған Сенегал плей-офқа шықты.

Нидерланд құрамасының шабуылшысы өз елінің рекордын орнатты.

Иранды жеңген АҚШ плей-офқа жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар