Криштиану Роналду өзінің Португалиядағы қонақүйлерін аурухана ретінде пайдалануға бермек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияның «Ювентус» футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналду өзінің Португалиядағы қонақүйлерін коронавирустың алдын алу үшін аурухана ретінде тегін пайдалануға бермекші.

Бұл туралы ҚазАқпарат Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Роналду дәрігерлер мен өзге де қызмет көрсететін мамандардың жалақыларын қоса алғанда, аурухана жұмысына кететін барлық шығындарды өз мойнына алмақшы.

Қазіргі таңда Криштиану өзімен бір клубта ойнайтын Даниэл Руганиден 12 наурыз күні коронавирус табылуына байланысты Португалияда карантинде жатыр.

Португалияда осы кезде барлығы 169 адам жаңа вирусты жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар