Криштиану Роналду кәсіби мансабын аяқтайтынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Португалия ұлттық құрамасының және Туриннің «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду келер жылы кәсіби мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы футболшының өзі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа маусым қарсаңында әйгілі футболшы Португалияның TVI арнасына сұхбат берді.

«Жеңіс атаулы қашанда маңызды әрі оған тоймайсың, бірақ ертең жеңе алмай қалсам ол ақырзаман емес. Бастысы, жігерің құм болмауы керек. Егер мотивация болмаса, мен футбол ойнағанды қояр едім. Бәлкім, ол алдағы жылдың еншісінде шығар. Бірақ мен 40 жасқа дейін, 41-ге дейін де деп тебе аламын», - деді футболшы.

Бес дүркін Алтын доп иегері мансабының соңына дейін футболдан ләззат алатынын жеткізді.

«Дәл қашан тоқтайтынымды білмеймін, бір білетінім – соңғы сәттерге дейін футболдан ләззат аламын, жұмыс істеймін. Менің әр таңым солай атады. Бәрін беретін – еңбек. Тіпті Нобель сыйлығының иегерлері де құдай берген дарынынан тыс, көп еңбектенеді. Тек спорттан ғана емес, басқа салалардан да үлгі алғанды ұнатамын», - деді Роналду.

Соңғы жаңалықтар