Криштиану Роналду бірінші болып ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соқты

None
Фото: championat.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду тарихта бірінші болып ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің 1-турында Португалия - Лихтенштейн ойынында К. Роналду қос голдың авторы атанды.

Роналду 53-минутта, алдымен 11 метрлік айып добын дәл орындады. Содан кейін 63-минутта есепті 4:0-ге жеткізді.

Осылайша, К. Роналду ұлттық құраманың ресми бәсекелерінде соққан гол санын 100-ге жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың ұлттық құрама сапында әлемдік рекордты жаңартқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар