Криштиану Роналду «Аль-Наср» құрамында алғашқы голын соқты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубы құрамында ресми матчтардағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Португалиялық шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатының 15-турында сырт алаңда «Аль-Фатех» клубымен өткен матчта 93-минутта пенальтиді дәл орындады.

Бұл матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Осылайша, Криштиану командасын жеңілістен сақтап қалды.

Бұл Роналдудың «Аль-Наср» құрамындағы ресми ойындардағы бірінші голы еді. Бұған дейінгі екі ресми бәсекеде оның қанжығасы майланбаған еді.

«Аль-Наср» клубы 34 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың жалақысының басым бөлігі Сауд Арабиясының бюджетінен төленетінін жазған болатынбыз.


Фото: Getty Images
Соңғы жаңалықтар