Криштиану Роналду 19 миллион еуроға ұшақ сатып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалиялық Correio da Manha таблоиды футболдан мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналдудың жаңа еркелігі туралы хабарлады.

Басылымның мәліметтерінше, атақты футболшы 19 миллион еуроға жеке ұшақ сатып алып, енді әлемнің кез келген нүктесіне ұша алады.

Ирина Шейктің бұрынғы жүрген жігітінің жаңа көлік құралы - Gulfstream G200 бизнес кластағы екі моторлы планер болды. Аталған ұшақ 10 жолаушыға дейін тасымалдай алады, мұнда экипаж мүшелері үшін жеке жуынатын бөлмелер, шкафтар, ғаламторға қолжетімділік, телефон, факс, микротолқынды пеш, электр пеші және сусындарға арналған тоңазытқыш бар.

Соңғы жаңалықтар