+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Криптовалюта арқылы жасалған 19 алаяқтық тіркелген

2021 жылғы 2 тамыз 13:15
Бөлісіңіз:
Криптовалюта арқылы жасалған 19 алаяқтық тіркелген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері ішкі істер органдарында криптовалютаға қатысты 19 алаяқтық тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, Қазақстан аумағында криптовалюта туралы нақты әрі толымды түсінік қалыптасып үлгермеу алаяқтарға оңтайлы жағдай туғызып отыр. Ведомствоның ақпарат алаңында ІІМ өкілі осындай пікір білдірді.

«Бүгінгі таңда ішкі істер органдарында нақты криптовалютаны қолдауны арқылы жасалған алаяқтық тіркелмеген. Криптовалюта арқылы пайда табу оны арзан бағамамен сатып алып, қымбаттаған кезде қайта сату арқылы іске асады. Алайда қаскүнемдер республика аумағында криптовалюта ұғымы әлі де кең ауқымда таралмағанын және аталған ұғым бойынша ел ішінде толық түсінік қалыптасапағанын пайдалануда. Яғни алаяқтар тез арада криптовалюта сатып алу арқылы қолдағы ақшасын 30 пайыздан 50 пайызға дейін, 100 пайызға дейін, еселеп арттыруға болатыны туралы жалған ақпарат таратып, азаматтардың ақшасын ұсынылған шоттарға аударту арқылы алдайды», - дейді департаменттің бастығы.

Оның айтуынша, биылғы 6 айда ішкі істер органдарының өндірісінде осы тәсілмен жасалған 19 алаяқтық қаралған. Сондай-ақ Санжар Әділов криптовалютаны сатып алмай тұрып, ресми дерек көздері арқылы алаяқтарға жем болмаудың тәсілдерін үйрену керектігін ескертті.

Брифинг барысында ІІМ өкілі қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер мен вайнерлерге заңнама бойынша тек айыппұл түріндегі әкімшілік жаза ғана қарастырылғанын атады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT