Криптоактивтерге байланысты нақты ұстанымымыз бар - АХҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының крипоактивтерге деген нақты ұстанымы бар - криптоактивтердің айналымын реттеу аса қажет. Елордада «Blockchain Conference Astana» атты жиында «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басқарушы директоры Қайрат Қалиев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде АХҚО-да қаржы технологиялары негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Олардың саны бесеу. Қаржы технологиялары туралы айта отырып, біз блокчейнге, сонымен бірге криптоактивтерге ерекше маңыз беріп отырмыз. Крипоактивтерді реттеу мәселесі өте қарқынды түрде талқылану үстінде. Аталған мәселе бойынша АХҚО-ның берік ұстанымы бар - яғни, криптоактивтердің айналымын реттеу аса қажет», - дейді Қайрат Қалиев.

АХҚО өкілінің айтуынша, криптоактивтер нарығында реттеу жобасы әзірленіп қойған. Ол қазір ашық. Әрбір адам оған еніп, кері байланысқа шыға алады.

«Осы жазда АХҚО-ның «Афса» реттеуші органы осы ережелерді бекітіп, жұмыс басталып кетер деген сенімдеміз», - дейді ол.

Қайрат Қалиевтың айтуына қарағанда, қаржы технологияларын бағыты үшін АХҚО-да қаржылық жеңілдіктер қарастырылған.

«Блокчейннің дамуы тұрғысында біз «AR-3», «Хайпер Леджер» концорциумына реттеуші ретінде ендік. Блокчейн бойынша арнайы курстарды да тұрақты түрде ұйымдастыруды қолға алдық. Блокчейнді бағдарламалау тұрғысынан да курстар баршылық. Жобалар да жоқ емес. Халықаралық компаниялар оны реттеу тұрғысынан да бізге көмектерін көрсетіп жатыр», - дейді Қайрат Қалиев.

Соңғы жаңалықтар