+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Крещение мерекесінде шомылуға рұқсат беріле ме – Бас санитар жауабы

2021 жылғы 13 қаңтар 17:26
Бөлісіңіз:
Крещение мерекесінде шомылуға рұқсат беріле ме – Бас санитар жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов православ дініндегі Крещение мерекесін өткізуге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарқаралыда дәрігерлер пәтер алды Манар Смағұл: Вакцинаның шығарылуы – қауіпті індеттің алдын алуға қол жеткізу Ақмола облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші кезекте кімдер алады

«Әзірге жекелеген өңірлерде жергілікті санитарлық қызметтердің шешімімен шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Бірақ жалпы республика бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты жерлерде бұл шараларға тыйым салынбаған», - деп жауап берді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына Крещениедегі суға түсу орындарын тиісті түрде әзірлеу туралы хаттар жіберілген.

«Әрине мұнда да, шара қатысушылары әлеуметтік қашықтық, жеке қауіпсіздік сынды талаптарды сақтауы тиіс», - деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT