Кремль аумағынан бомба табылды

None
None
МӘСКЕУ.ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеуде Кремль аумағындағы «мұз жертөледен» Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Үлкен Кремль саябағында жұмыс істеп жатқан археологтардың өз істерін тоқтатуына тура келді. Қазір бомба залалсыздандырылды.

«Авиация бомбасы табылды. Ұлы Отан соғысынан қалған болуы керек. Біршама тереңде, жер астында жатқандықтан снаряд жарылмаған», - дейді Кремльдің коменданты Сергей Хлебников.

Оның айтуынша, бомбаны Кремль аумағынан алып кеткен.

Соңғы жаңалықтар