Кредиторлар Альянс банктің Фортебанк және Темір банкпен бірігуін қолдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Альянс банк» АҚ кредиторларының 90,5 пайызы банкті қайта құрылымдау туралы жоспарды қолдады. Қазіргі таңда банктің 232 млрд теңге (1,3 миллиард АҚШ доллары) қарызы бар. Қайта құрылымдау кезінде банктің белгіленген қарызы да реструктуризация процесінен өтеді.

Қаржылық қайта құрылымдаудан соң банктің қарызы 232 млрд теңгеден 113 млрд теңгеге дейін төмендемек және ол қарызды төлеу мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды.

Альянс банк басқарма басшысы орынбасары Жаукенов Мараттың айтуынша, мерзімі өтіп кеткен кредиттердің көлемі АБ-да ең көп болғанда 345 млрд АҚШ долларын құраған. «1 қарашаға ол көрсеткіш 113 млрд теңгеге дейін азайғанын көріп отырмыз. Қайта құрылымдау кезінде 22,5 млрд теңге, төленбеген несиелерді өндіру кезінде, провизия есебінен де қарыз көлемі азайды. Қазір әр клиентпен әңгімелесіп, олардың жағдайын барынша түсінуге тырысып жатырмыз. «Темір банкта» мерзімі өтіп кеткен кредиттердің көлемі 110 млрд долларды құраған. Қайта құрылымдау нәтижесінде ол 84 млрд долларға дейін түсті», - деді ол.

«Альянс банк» АҚ басқарма төрағасы Тимур Исатаевтың айтуынша, банктердің бірігуі нашар несие портфелін 15 пайызға дейін төмендету туралы Елбасының тапсырмасын орындауға мүмкіндік тудырып отыр. «Әзірге «Темір банк» 15 пайыздық көрсеткішке жетті. Ал Альянс банкте 30 пайыз болып тұр. Бірақ, келесі жылдың соңына дейін жаңа «Форте банк» жұмыс жасамайтын несие портфелін 10 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр», - деді «Альянс банк» АҚ басқарма төрағасы Тимур Исатаев.

Біріккен жаңа «Форте банк» дейін алғашқы қаржылық есебін 31 желтоқсанда ұсынбақ.

Соңғы жаңалықтар