+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Кредит төлеуді кейінге қалдыра алатын салалар тізбесі кеңейді

2020 жылғы 5 маусым 20:31
Бөлісіңіз:
Кредит төлеуді кейінге қалдыра алатын салалар тізбесі кеңейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредит бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыра алатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің қызмет түрінің тізімін кеңейтті. Бұл жөнінде аталған агенттікке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Тиісті бұйрық 26 мамырда қабылданды. Осы бұйрыққа қосымшада қызмет түрлерінің 357 жіктеуіші бар.

Жаңа тізбеге төтенше жағдайды енгізу салдарынан көбірек зардап шеккен салалар кірді. Бұл – сауда, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қоймада сақтау, тұру және тамақтану, ақпарат және байланыс, білім беру және денсаулық сақтау салалары.

Еске сала кетейік, 11 мамырда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Үкіметпен бірлесіп, несие төлемін кейінге қалдыратын салалар тізбесін кеңейтуді тапсырған болатын.

«Банктер мен басқа қаржы ұйымдары кредит бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсынатын салалар тізбесін кеңейту - бизнесті қолдаудың тағы бір шарасы болады. Оған сауда, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қоймада сақтау, тұру және тамақтану, ақпарат және байланыс, білім беру және денсаулық сақтау салалары енгізілуі тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT