Кредит портфелі динамикасын тежейтін факторлар аталды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов заңды тұлғалардың кредит портфелінің динамикасын тежейтін факторды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканы кредиттеуді одан әрі ынталандыру туралы мәселеде экономиканы кредиттеу банктердің іскерлік белсенділігіне және қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі бойынша олардың күтулерін ескере отырып, кредит беруге дайындығына байланысты екенін назарда ұстау қажет. Осылайша, заңды тұлғалардың кредит портфелінің динамикасын кредит бойынша ұсыныстың болмауы емес, кредит төлеуге қабілетті сұраныстың жетіспеуі тежейді», - деді ол Мәжіліс депуаттарының сауалына берген жауабында.

Оның дерегінше, базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі 6-18 ай аралығында инфляцияның және инфляциялық күтулердің баяулауына бағытталып, теңгедегі активтерді қорғауға ықпал етеді. Бұл ретте ағымдағы жағдайларда базалық мөлшерлеменің төмендеуі ұзақ мерзімді перспективада кредиттеу үшін айтарлықтай теріс салдарларға әкелуі мүмкін.

«Ақша нарығындағы теңгедегі активтер кірістілігінің төмендеуі нарыққа қатысушылардың валюталық таңдауларының өзгеруіне және салымдардың долларлануын ұлғайтуға себеп болады. Өз кезегінде, базалық мөлшерлеменің төмендеуі банктік кредит мөлшерлемелерінің төмендеуіне де алып келе алмауы мүмкін. Инфляция мен инфляциялық күтулердің өсуі, кредитке сұраныс және дағдарыс жағдайында сапалы қарыз алушылардың жетіспеушілігі қарыз алу құнына әсер ете отырып, тәуекел үшін сыйақының өсуіне ықпал ететін болады. Салымдар бойынша мөлшерлемелердің төмендеуі салымдарды жүйеден алып қоюға әкелуі мүмкін, салымдарды долларландыру және алып қою нәтижесінде банк жүйесінің ресурстық базасы төмендейді», - деді Ғалымжан Пірматов.


Соңғы жаңалықтар