Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылады – Экономика министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұтыну тауарлары бағасының өсуін тежеу мақсатында инфляцияға қарсы әрекет ету іс-шараларының кешені әзірленеді. Нарықты отандық өндірістің тұтыну тауарларымен молықтыруға бағытталған жедел және орта мерзімді іс-шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ ақша-кредит саясаты мен қаржы нарығын реттеу іс-шаралары көзделген», - деді министр.

Оның атап өтуінше, шағын және орта кәсіпкерлікті тиімді дамыту мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.

«Жалпы алғанда, қаржыландыру көлемі кемінде 1 трлн теңгені құрайды. Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылады. Өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бизнесті ынталандыру үшін «ұтымды» іс-шаралар әзірленеді. Реттелетін сатып алу шеңбаясындаерінде жеңілдіктер, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға басым қолжетімділік көзделетін болады», - деді Әсет Ерғалиев.

Еске салсақ, 1 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жолдаудың толық мәтіні мына жерде.


Соңғы жаңалықтар