+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Креативті экономика тұжырымдамасын әзірлеуге белсенді атсалысамыз - Ақтоты Райымқұлова

2021 жылғы 14 мамыр 12:02
Бөлісіңіз:
Креативті экономика тұжырымдамасын әзірлеуге белсенді атсалысамыз - Ақтоты Райымқұлова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі саланы дамытуға бағытталған «Ел рухы» атты ұлттық жоба әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебінде айтты.

Министр соңғы кезде креативті контент арқылы қазақ мәдениетін белсенді танытып жүрген қазақстандықтардың көбейгенін атап өтті.

«Ұлттың, ішкі сондай-ақ, сыртқы экономикалық және әлеуметтік күйзелістеріне идеологиялық иммунитет қалыптастыруда мәдениет миссиясы ерекше мәнге ие болуға тиіс. Осыған байланысты үздік халықаралық тәірибеге сүйене отырып министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірге «Ел рухы» ұлттық жобасын әзірлеп бекітеді», - деген ведомство басшысы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 2021 жылды Халықаралық тұрақты дамудың креативті экономика жылы деп жариялағанын еске салды.

«Қазақстанда сапалы креативті өнім жасап жатқан азаматтар саны артып келеді. Қазақстандықтар музыка, кинорежиссура және медиа контент жасау сияқты салаларда ерекше табыс көрсетуде. Жалпы алғанда керативті индустрия ел экономикасын дамыту үшін ғана емес, қазақстандық мәдениетті халықаралық ілгерілетуде, жастардың өзін-өзі таныту бағытында да жоғары әлеуетке ие. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасында креативті экономиканы дамыту» тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Креативті индустрияның негізгі бағыттары мәдениет және өнер саласын қамтитынын ескере отырыпы, министрлік тұжырымдық тәсілдерді әзірлеуге белсенді атсалысады», - дейді Мәдениет және спорт министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT