Красноярда бомба қойылды деген ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Краснояр өлкесінде Smartavia әуе компаниясының ұшағы бомба қойылғаны туралы хабарға байланысты шұғыл қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ұшақ қазір ғана қонды», - деп мәлімдеді шұғыл қызмет өкілдері.

Ұшақ Улан-Удэ әуежайынан әуеге көтерілген соң үш сағаттай ұшқан.

Оның алдында Smartavia компаниясының Улан-Удэ – Мәскеу (Домодедово) рейсімен ұшқан Boeing 737 ұшағының бортына бомба қойылғаны туралы хабар тараған. Әуе кемесінің командирі ұшақты Красноярға қондыру жөнінде шешім қабылдаған.

Кей деректерге қарағанда, ұшақ әуеге көтерілген бойда әлдекім телефонмен бомба қойылғаны туралы хабарлаған.

«Қазір қоңырау шалған адамға іздеу салынған. Ұшақты Красноярдың жедел қызметтері күтіп алды. Жолаушылар терминалға кіргізіліп, ұшақ мұқяит тексерістен өткізіледі. Сосын Домодедовоға ұшады. Ұшақ астанаға біршама кешеуілдеп жетеді», - дейді шұғыл қызмет өкілдері.

Соңғы жаңалықтар