Краснояр өлкесіндегі қару-жарақ қоймасында жарылыс болды

None
None
КРАСНОЯР. ТАСС-ҚазАқпарат - Красноярскінің Ачин ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болып, өрт шықты. Оқиға орнына эвакуацияға арналған автобустар жіберілді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі ауданның бірыңғай кезекші-дистепчерлік қызметіне сілтеме жасап.

«Эвакуация жүріп жатыр, мен ол жақты жарылыс болып, өрт шыққаны туралы ақпарат алдым. Эвакуацияға автобустар жіберілді. Өртенген – әскери бөлім», - деді агенттікке сұхбат беруші.

ТАСС агенттігіне жедел қызмет өкілі хабарлағандай, оқиға орнына ауырлығы бойынша екінші нөмірлі өрт сөндіру қызметінің күштері жіберілген. Жарылыс әскери бөлімнің артиллериялық қоймасында болған.

Әзірге белгілісі, №1 Ачин ауданаралық ауруханасында хабарлағандай, снаряд жарықшағы тиген екі адам ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар