ҚР Жұмылдыру дайындығы заңына өзгерістер енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау құзыретін беру көзделеді. Жұмылдыру дайындығы саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қолданатын жағдайлар анықталады. Кейбір мемлекеттік органдардың функциялары нақтыланады», - деді деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенаттың пленарлық отырысында.

Одан бөлек, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға сақтандыру қорын құру және сақтау саласындағы қызметті үйлестіру құзыреті беріледі.

«Бұл – қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қауіптілігі жоғары нысандарға, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып саналатын нысандарға жобалық құжаттаманың сақтандыру қоры», - деп түсіндірді министр.

Мемлекеттік материалдық резервті жетілдіру бойынша жаңа тәсілдер енгізілуде:

- Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы (Ұлттық экспертиза орталығы) мемлекеттік материалдық резервке жеткізу кезінде және оларды сақтау кезеңінде тауарлардың сапасын бақылауды жүзеге асырады;

- мемлекеттік материалдық резерв тауарларын кәдеге жарату бойынша құзыреті енгізіледі;

- материалдық құндылықтарды жаңартуды сақтау пункттерін жүзеге асырады;

- материалдық құндылықтар басқа мемлекеттік органдардың балансына тегін беріледі;

- жұмылдыру резервінің медициналық мақсаттағы дәрілік заттары мен бұйымдарын жеткізу, сақтау және жаңарту функциялары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде қызмет ететін бірыңғай дистрибьюторға орындалуы жүктеледі.


Соңғы жаңалықтар