ҚР Жоғарғы сотының бірқатар судьялары сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының бірқатар судьялары сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен, жалпы отырыс барысында Сембек Баймаханов, Вячеслав Салий, Ботагөз Ералиева, Есенбай Боранбаев, сондай-ақ Арыстанбек Стыбаев ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметіне сайланды.

«Бұл бес кандидат жоғары білікті маман болып саналады. Олардың судья қызметінде үлкен тәжірибесі бар. Судьялардың барлығы Жоғарғы соттағы жауапты қызметке толықтай дайын», - деді ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Айта кетейік, судья қызметіне сайланғаннан кейін, судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

Бұдан бөлек, Төлебай Қожан, Бағлан Мақұлбеков судья қызметінен босатылды.

Т. Донақовтың сөзіне қарағанда, аталған екі судьяның қызметінен босатылу шешімі олардың зейнеткерлік жасқа жетуіне орай қабылданып отыр.

Соңғы жаңалықтар