ҚР Жоғарғы соттың үш судьясы не себепті қызметтерінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сот судьялары лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ербол Рахымбековты, Ержан Даулиевті, Дәулен Нұралинді Жоғарғы сот судьялары қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы талқылауға енгізіліп отыр. ҚР Президентінің 2018 жылғы 9 қазандағы Жарлығымен Рахымбеков  Шымкент қалалық сотының төрағасы, ал Даулиев Маңғыстау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Нұралин отставкаға кетуге ниет білдірді», - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Талқылаудан кейін Сенат депутаттары аталған судьяларды қызметтен босату туралы шешімді қабылдады.

Соңғы жаңалықтар