ҚР жаңа Қылмыстық кодексінде медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арнайы бөлім енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арнайы бөлім енгізілді.

Оның ішінде жалған дәрілік заттарды заңсыз айналымға шығарғандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Мәселен , осы Кодекстің 317-бабында абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ал 319-бапта заңсыз түсік жасау мәселесіне арналып отыр. Атап айтқанда, тиiстi бейіндегі жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның түсік жасауы - екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді. Онда ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға қатысты санкцияларды қатаңдату қарастырылған. Сонымен қатар кодексте жеңіл-желпі құқық бұзушылықтарға заңнаманы ізгілендіру де көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар