ҚР Вице-премьері - Ауыл шаруашылығы министрі іс-сапармен ОҚО-да болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Қазақстан Республикасының Вице-премьері - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келді. Министр өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға барып, шаруа қожалықтардың жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тиісті бағыттар бойынша атқарылатын шаралармен танысу мақсатында  келген Өмірзақ  Естайұлы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы шаруалармен кездесіп, мәселелеріне қанықты. Өңірдегі шаруалар мақта, жүгері өнімдерін арттыру бойынша және қаракөл елтірісін қайта жаңғырту жөнінде өз ойларын  жеткізді. Мәселеге қаныққан министр айтылған ұсыныстарды ескеріп, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.
null 

«Ауыл шаруашылығына берілетін субсидия бүгінгі таңда 240 млрд теңгеге жетті. Бұл - Елбасының аталған салаға деген қамқорлығы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін 2,5 есеге көбейту керектігін тапсырды. Бұл тұрғыда Оңтүстік Қазақстан облысы - аграрлы сала екендігін ескеру керек. Ет, сүт, мақта өнімдері мен бақша дақылдарын өндіруде өңірдің үлесі ерекше. Алдағы уақытта Үкімет мәжілісінде жылдың жаңа жоспарын бекітіп, ауыл шаруашылығын өркендету үшін тың жобаларды қолға алатын боламыз», - деді Өмірзақ Естайұлы.
null 

Министр сапар барысында, сондай-ақ,  Ордабасы ауданындағы «Бөрте милка» сүт-тауар фермасында болды. Түркістан қаласы Шаға ауылдық округіндегі «Ерасыл» жылыжай кешенін көріп, жобалық құны 70 млн теңгені құрайтын кешеннің жұмысымен танысты. Осы ретте облыс әкімі Жансейіт Түймебаев республикадағы жылыжайлардың 75 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі екендігін айтты.
null null 

«Ауыл шаруашылығын қолдауға өткен жылы жалпы 24,9 млрд  теңге субсидия бағытталып, 40 мыңға жуық кәсіпорын қолдауға ие болды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылы 522,4 млрд теңгеге жетіп, өсім 102 пайызды құрады. Ал жылыжай көлемі 2017 жылы 212 гектарға артып, жалпы 1 335 гектарға жетті. Елбасы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына айрықша көңіл бөлінді. Осы мақсатта өңірде өнімділікті арттыру үшін озық технологияны пайданалануға барынша басымдық беретін боламыз», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
null

null  

Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласымен танысқан Өмірзақ Естайұлы шаруалардың жасаған ұсыныстарының тиімді тұстары назарға алынатындығын жеткізді.

null 

Соңғы жаңалықтар