ҚР Ұлттық энергия үнемдеу және тиімді энергия технологиялары қауымдастығының атқарушы директоры тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық энергияны үнемдеу және тиімді энергия технологиялары Қауымдастығының атқарушы директоры болып 33 жастағы Сырым Әбдірахманов тағайындалды.

Бұған дейін ол «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында, ішкі саясат, білім, ғылым, активтерді басқару және технологиялық дамыту салаларында жұмыс істеген. Ол «Ғылым туралы» Заңды әзірлеушілердің бірі болып табылады, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық энергия үнемдеу және тиімді энергия технологиялары Қауымдастығының баспасөз қызметінен.

Сырым Әбдірахманов Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдап, Германияда машықтанған. Қазіргі кезде Қазақстан әуесқой триатлон федерациясын Астана қаласы бойынша басқаруда.

Соңғы жаңалықтар