ҚР Ұлттық экономика министрі салымшыларға ақшасының 50 пайызын теңгемен сақтауға кеңес берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Алматыда «Қазақтелеком» АҚ қалалық филиалының активімен кездесу барысында қоғамды толғандырып отырған долларсыздандыру процесіне қатысты айтып кетті.

«Доллар неғұрлым аз болған сайын шығын да аз болады. Долларсыздандыру дегеніміз - теңгені өзіміздің ішкі нарықта төлем, жинақ жүйесінде максималды пайдалану. Қазір теңгемен есеп айырысып отырған компаниялар өздерін тұрақты сезінуі керек. Оның тұрақты клиенттер базасы, көрсететін қызметтері бар. Бұл дегеніміз - долларсыздандыру факторы. Бұл жалпы тұрақтылыққа әкеледі»,- деді ол.

Министр елдегі төлем балансының теңге мен доллар арасындағы айырмашылықта жатқанын атап өтті.

«Экспортерлар шикізатты сыртқа сатқан кезде валютамен төлем алады. Оны ішке әкеліп теңгеге ауыстырады. Сосын жұмыс күшіне теңгемен жалақы төлейді. Бұл жерде ол ұтылады», - деді министр.

Ерболат Досаев теңгенің тұрақтылығын нығайту үшін салымшыларға ақшасын теңгемен сақтауға кеңес берді.

«Қазір көп адамдар ақшасын қай валютада сақтайтынын білмей дал болады. Мен айтар едім, 50 пайызын теңгемен сақтау керек. Сонда табыс жоғары болады. Біз теңгені өндіріп, теңгені сатуымыз керек. Долларсыздандыру дегеніміз сол»,- деді Е.Досаев.

Соңғы жаңалықтар