ҚР Ұлттық экономика министрі 6 айда ана тілін үйрене ала ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында тілшілер сауалына жауап берген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таяу уақытта қазақ тілінде жетік сөйлейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, жалпы отырыс кезінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында депутаттардың қазақ тілінде қойған сұрақтарына министр тек орысша жауап беріп отырды.

Жаңадан тағайындалған министр журналистерге сұхбаты барысында Мәскеуде жұмыс істеген жылдар ішінде қазақ тілін ұмытыңқырағанын жеткізді.

«Мәскеуде 5 жылғы қызметім барысында өз ана тілімді ұмытыппын. Бірақ та, алты айдың ішінде қайта меңгеріп шығамын», - деді Сүлейменов. 

Сонымен қатар ол қызметінде жақсы әрі жауапкершілікпен жұмыс істейтінін, осы орайда басшылықтың берген тапсырмаларын орындап, қызметкерлерге, қоғамға, азаматтарға қатысты адал болатынын атап өтті. «Бұл ұстанымдарды орындаған жағдайда мақсаттар жүзеге асады деген ойдамын»,-деп жауап қайырды министр. https://kaz.inform.kz/news/ulttyk-ekonomika-ministri-suleymenov-halykka-adal-kyzmet-etuge-uade-etti_a2990216

Соңғы жаңалықтар