ҚР Ұлттық банкінің цифрлық валютаға қатысты зерттеуі көпшілік талқылауына ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпаат – ҚР Ұлттық банкінің цифрлық валютаға қатысты зерттеуі көпшіліктің талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық цифрлық валюта – бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің цифрлық нысанда ұсынылған міндеттемесі болып табылатын ақша қаражатының перспективалы нысаны.

Цифрлық теңге заңды төлем құралы, құн өлшемі және жинақ құралы болып табылады. Платформаны жүзеге асыру үшін қаржы нарығыныңқатысушылар төлем сервистері қызметін көрсетіп, Ұлттық банк инфрақұрылымын қамтамасыз ететін екі деңгейлі архитектура қарастырылуда.

Цифрлық теңгені шығару бойынша шешім қабылдау үшін ең алдымен цифрлық валюта шешетін міндеттерді анықтай отырып, оның пайдасы мен зиянын, ақша-кредит саясатына әсерін, қаржы тұрақтылығын және төлем экожүйесін, оны шығару және тарату әдісін, қолданылатын технологиясын жан-жақты зерттеу қажет.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл жұмысты қаржы нарығының қатысушыларымен, сарапшылар қоғамдастығымен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуді жоспарлап отыр.

2021 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің зерттеу баяндамасы көпшілік талқылауға жарияланды.


Соңғы жаңалықтар