ҚР Ұлттық банкі жекелеген елдердің валюталарына шолу жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ұлттық банкі жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда-саттық қорытындысы бойынша 24 желтоқсанда теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,7 пайызға (435,54 теңгеден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 432,28 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні оң болды. Жаһандық инвесторлардың тәуекел-сентиментінің жақсаруы әлемдік экономикаға Covid-19 жаңа штамының таралу зардаптарының аз болуына қатысты күтулерге байланысты: алдын-ала зерттеулердің қорытындысы бойынша, «дельта» штамына қарағанда «омикрон» штамы кезінде ауруханаға жатқызу ықтималдығы төмен», - деп атап өтеді Ұлттық банктен.

Ұлттық банк мәліметінше, дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

- түрік лирасы Түркия Үкіметінің ұлттық валютаны қолдау шаралары туралы, оның ішінде айырбас бағамының әлсіреуі банктердің пайыздық мөлшерлемелерін арттырған жағдайда, депозиттерін лирамен ұстаушылардың шығындарын өтеу бағдарламасы туралы хабарлауы аясында 35,2%-ға (16,41-ден 10,64-ке дейін);

- Оңтүстік Африка ранды АҚШ-тың 31 желтоқсаннан бастап ОАР-мен әуе қатынасын тоқтата тұрудың күшін жою туралы хабарламалары аясында 2,1%-ға (15,88-ден 15,55-ке дейін);

- үнді рупиясы экспорттаушылардың ұлттық валютаның одан әрі нығаюынан қауіптеніп, шетел валютасын сатуы аясында 1,4%-ға (76,09-дан 75,02-ге дейін);

- Индонезия рупиясы коронавирустың жаңа штамына қатысты қауіптенудің азаюы аясында 1,1%- ға (14 355-тен 14 197-ге дейін);

- Мексика песосы мөлшерлеменің 5,5%-ға дейін 50 б.п. артуына байланысты кэрри-трейд операцияларының тартымдылығын арттыру аясында 1%-ға (20,83-тен 20,62-ге дейін);

-Ресей рублі салық кезеңі мен мұнай бағасының өсуі аясында 0,6%-ға (74,1-ден 73,62-ге дейін);

- Бразилия реалы Орталық банктің спот нарығында 500 млн АҚШ долларын сату бойынша аукцион өткізуі аясында 0,4%-ға (5,69-дан 5,67-ге дейін) нығайды.


Соңғы жаңалықтар