ҚР Ұлттық банкі проблемалы банктермен келіссөздер жүргізуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк проблемалы банктердегі ахуалды тұрақтандыру үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Парламент Сенатында тілшілерге Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы үш банктің, яғни ЭксимБанк, Астана Банкі және Qazaq Banki-нің клиенттері алдындағы міндеттемелерін уақытында орындамауына байланысты жаңа депозиттер қабылдау, үш ай мерзімге жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу бойынша лицензиялары тоқтатылды. Қазіргі кезде ЭксимБанк, Qazaq Banki мен Астана банкі өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болуда. Үш банкте де клиенттер алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындау шектеулі болып отыр.

«Әдетте, проблемалы банктер жақсы кредиттер бермейді. Олардың несие портфельдерінің өсуінен капитал қоры күшеймейді. Олардың тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару стандарттарын жоғары деп те айта алмаймыз, ал несие портфелінің сапасы барынша төмен күйінде қалып отыр», - деп түсіндірді Д. Ақышев

Д. Ақышевтің айтуынша, ҰБ тарапы ЭксимБанктің, Qazaq Banki мен Астана банкінің қаржылық жағдайына мониторинг жасап, банктердің менеджментімен және акционерлерімен жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды әзірлеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Сөз соңында ол Қазақстан Ұлттық банкінің депозиттерді қабылдауға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатынын еске салды. «Жеке тұлғалардың салымдары, ақшасы мен төлем карточкалары және банк шоттары 10 млн теңгеге дейінгі сомада депозиттерге кепілдік беру жүйесімен қорғалған», - деді Д. Ақышев.

Соңғы жаңалықтар