ҚР Ұлттық банкі: Номиналы 100 теңгелік «Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан «Amir Timur» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 28 қаңтардан бастап бірнеше сериялар бойынша күмістен жасалған ескерткіш монеталарды айналымға шығарды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, «proof» сапасымен номиналы 100 теңгелік «Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан «Amir Timur» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығару туралы хабарлайды.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) антрополог М.М. Герасимовтың орындауындағы ұлы қолбасшы Әмір Темірдің (Amir Timur) мүсіндік портреті, оның артында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Ахмед Ясауи кесенесінің және сауда керуенінің бейнесі салынған. Сондай-ақ, аталған күннен бастап Ұлттық Банк оминалы 500 теңгелік «Ғарыш» монеталар сериясынан «Буран» ескерткіш биколорлы монетасын айналысқа шығару туралы хабарлайды. «Буран» биколорлы монетасы ғарышты зерттеу және ғаламның құпияларын тану тарихындағы айтулы оқиғаларға арналған серияны жалғастыратын күмістен/танталдан және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың тоғызыншы жұбы болып табылады. Монета әуе-ғарыш өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылатын металл - танталды қолдана отырып дайындалды. Монеталарды дайындау кезінде танталдың түсін өзгерту технологиясы қолданылды. Номиналы 100 теңгелік «Монета-сыйлық» монеталар сериясынан пішіні тік бұрышты «8 наурыз» ескерткіш күміс монетасы айналысқа шығарылды. «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монета коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Ол кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Сонымен қатар, номиналы 100 теңгелік «Баскетбол. Олимпиада ойындары - 2016» ескерткіш күміс монетасы айналысқа шығарылды. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ойын сәтіндегі спортшылар және Олимпиада ойындарын өткізу жылын білдіретін «2016» деген сан бейнеленген. Дайындау сапасы - «proof», ең көп таралымы - 8 мың дана. Айналымға сондай -ақ, номиналы 500 теңгелік «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Тайқазан» ескерткіш күміс монетасын шықты. Тайқазан түркілер үшін қазан бірлік пен қонақжайлықтың нышаны болды. Сондықтан оның көлеміне және сыртқы ресімделуіне айрықша мән берілді. Бұл тұрғыдан алғанда Түркістан қазанына тең келетін қазан жоқ. Түркістан қаласындағы Ахмед Ясауи кесенесінде орналасқан Тайқазан ең әйгілі қазан болып табылады. Оның диаметрі - 2,45 метр, салмағы екі тонна. Аңызға сәйкес, қазан жеті металдың қоспасынан дайындалған. Монета реверсіне тайқазанның бейнесін оксидтеу (химиялық еріту) технологиясын қолдана отырып дайындалды.

Соңғы жаңалықтар