ҚР Ұлттық банкі Халықаралық ислам қаржы нарығына енді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі Халықаралық ислам қаржы нарығы мен ислам қаржылық институттарының бухгалтерлік есебі мен аудиті ұйымдарының қатарына енді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның бас қаржылық ұйымы аталған ұйымдарға кіруге Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 21 банкілік конференция барысында өтінім берді (The Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions, International Islamic Financial Market).

Бұл ұйымдарға мүше болу ислам қаржыландыру жүйесіндегі бухгалтерлік есепті жүргізу стандарттарын, ислам қаржыландыру инструменттерінің өтімділігін басқару тетігін меңгеруге ықпал етпек.

Конференция барысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов елдегі ислам қаржыландыру жүйесінің даму қарқынымен таныстырды.

Кездесу барысында қазақстандық делегация Бахрейн орталық банкі, Dubai International Financial Centre Authority мен Dubai Financial Services ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін тілге тиек етті.

Dubai International Financial Centre Authority өкілдері Алматы қаласының аймақтық ислам қаржыландыру хабы ретіндегі рөлін жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар