ҚР Ұлттық банкі елдің алтын-валюталық қорларын толықтыруды жалғастырып келеді - А.Баймағамбетов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі алтын-валюталық қорларды толықтыру үшін елде шығарылған барлық алтынды сатып алуды жалғастыруда.

2015 жылдың 24 қарашасында Парламент Мәжілісі екінші оқылымда «Бағалы металдар мен бағалы тастар туралы» заң жобасы мен 4 заңға өзгерістер енгізіліп отырған ілеспе заң жобасын мақұлдады.

Заңның қабылдануымен бірге алтынды қарапайым тауар ретінде емес, қаржылық актив түріндегі стратегиялық тауар ретінде қарастыратын тұрақты құқықтық орта құрылуда, деп атап өтті ҚР ҰБ-нің баспасөз қызметінен.

Заң жобасы құрамында алтын және басқа да бағалы металдар бар шикізатты оның Қазақстанда максималды қайта өңдеу мақсатымен шығаруға бақылауды қатаңдату қарастырған.

«Бір жағынан бақылау жүйесін құра отырып, мемлекет басқа жағынан сату кепілдігін ұсынып отыр. Процестің ережелер бойынша ойнап отырған барлық қатысушылары елде шығарылған барлық алтынды алтын-валюталық қорларды толықтыру үшін сатып алуды жалғастырып келе жатқан Ұлттық банктің кепілдендірілген өткізу нарығына ие», - деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің Монеталық операциялар және активтерді басқару департаменті директорының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

Оның айтуынша, қордағы алтын көлемі 218 тоннаны құрайтын, соның ішінде 117 тонна Қазақстанда сақталған біздің еліміз бұл көрсеткіш бойынша әлемде 23-ші орында тұр.

«Біз осы саясатты одан әрі жалғастырамыз. Алтын бағасының өзгеруіне қарамастан қаржы нарықтарында және әлемнің көптеген дамыған елдерінің қорлары құрамында маңызды рөл ойнайды», - деп атап өтті А.Баймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар