ҚР Ұлттық банкі Delta Bank лицензиясын қарашаға дейін тоқтатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банк «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі бас қаржы реттеушісіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі №152 қаулысымен 2017 жылғы 4 тамыздан бастап қоса алғанда 2017 жылғы 1 қарашаға дейін «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады.

Бұл шешімді Ұлттық банк аталмыш банктің банктік заңнама талаптарын бұзуына байланысты  «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады», - деп мәлім еті Ұлттық банк.

Сонымен қатар, лицензияның тоқтауы тек жаңадан ашылатын депозиттерге байланысты, банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.

2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Delta Bank» АҚ жеке тұлғалардан 0,25 млрд теңге шамасында, заңды тұлғалардан 85,6 млрд теңге шамасында депозит қаржысын қабылдаған. Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,5%-ын құрайды.

Соңғы жаңалықтар