+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ҚР Ұлттық банкі БЖЗҚ-ның шығынға батуы туралы түсініктеме берді

2014 жылғы 19 желтоқсан 13:13
Бөлісіңіз:
ҚР Ұлттық банкі БЖЗҚ-ның шығынға батуы туралы түсініктеме берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы активтерінің табыстылығы 2014 жылдың соңына қарай 6,0%-ды құрайды. ҚР Ұлттық банкі бүгін ҚазАқпарат агенттігіне БЖЗҚ шығынға батқаны жөнінде алып-қашпа әңгімелерге қатысты түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ақпарат құралдарының бірінде БЖЗҚ шаш етектен шығынға батты деген ақпарат тараған болатын.

Ұлттық банктен хабарлағандай, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы инвестициялық қоржыны жеке зейнетақы қорларынан берілген қаржы құралдарынан тұрады.

БЖЗҚ-ға берілген құралдардың ішінде құнды қағаздар болған. Оларды шығарушы эмитенттер өздерінің міндеттемелерін орындамай, дефолтқа ұшырады. Сондай-ақ, нарықта саудаланбаған құнды қағаздар болған.
Соған сәйкес, мұндай қаржылық құралдарды бірігу процесінде әр қор әртүрлі бағамен берді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы ретінде Ұлттық банкке өз кезегінде инвестициялық қоржынды сауықтыру шараларын жүргізу міндеті тұрды.

Әрине, инвестициялық қоржынның табыстылығын, несиелік сапасын арттыру үшін зиянды қаржы құралдарынан құтылып, қаржы құралдарын бір бағаға келтіру керек болды.

Аталған мәселені шешу үшін ҚР Ұлттық Банкі «КПМГ Такс энд Эдвайзори» тәуелсіз бағалау компаниясын іске тартты.

Олар өз кезегінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің құрамына енетін қаржы құралдарына бағалау жүргізді. Осыған сәйкес қаржы құралдарының кешенді бағалауы жүргізіліп, нәтижесінде БЖЗҚ қаржылық құралдары барлық зейнетақы активтерінің құнынан 2,2 пайызға азайды.
Қайта бағалаудың салдары өтімділігі төмен қаржы құралдарының (нарықтық бағасы жоқ құнды қағаздар), қазақстандық эмитенттердің корпоративті құнды қағаздарының, шетелдік эмитенттердің құнды қағаздарының құнының азаюына әкелді.
«Қайта бағалау кезінде Ұлттық банк бірінші кезекте салымшылардың мүддесін қорғауға тырысты. Ол 2014 жылдың соңғы 8 сегіз айындағы инвестициялық кіріс есебінен жасалды. Оған қарамастан БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 1 қаңтар мен 30 қыркүйек арасындағы кіріс оң тұрғыдан көрініс беріп, 4,65%-ға артты», - деді банкте.

ҚР Ұлттық банкте мәлім еткендей, ҚР зейнетақы қамсыздандыру туралы заңына сәйкес салымшының өзінің салымын инфляция өсімін ескере отырып, қажет болған кезде алуы кепілдендірілген.

Сондай-ақ, банктің зейнетақы активтерін сенімді басқарушы ретінде алған құнды қағаздары бойынша құнсыздану болған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, жақында бірқатар БАҚ БЖЗҚ инвестициялық қоржынында 30 дефолтқа ұшыраған ұйымның құны 95 млрд теңге болатын активтері шоғырланғанын хабарлаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT