ҚР Ұлттық банкі БЖЗҚ қаржысын пайдалану тетігін қарастырып жатыр - Д.Ақышев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі банктердің қаржылық құралдарына инвестицияланған БЖЗҚ қаржысын пайдалану тетігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігіне берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Мәселе банктер арқылы жақында инвестицияланатын 200 млрд теңге туралы болып отыр.

Оның айтуынша, салымшылардың жинағы проценттік ставкаларға демеуқаржы берумен байланысты мемлекеттік бағдарламаларға бағытталатын болады.

Биыл ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметіне БЖЗҚ қаржысын сақтау үшін 500 млрд теңгені шетелге инвестициялап, 600 млрд теңгені жергілікті компаниялар мен банктердің құнды қағаздарына салуды тапсырған болатын.

«Қаржы шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталуы керек», - деді Д.Ақышев.

Соңғы жаңалықтар