ҚР Ұлттық Банкі Банкнот фабрикасы мен Теңге сарайы өнімінің көрмесін өткізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық Банкі VII Астана экономикалық форумының және II Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы конференцияның шеңберінде Банкнот фабрикасы мен Теңге сарайы өнімінің көрмесін өткізбек, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

«21 - 23 мамыр аралығында Астанада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумы аясындаҚР Ұлттық Банкінің коллекциялық және инвестициялық монеталарын көрсету және сату өткізіледі», - делінген хабарламада. Бұл іс-шараның шеңберінде алғаш рет Қазақстан Банкнот фабрикасы банкнот өнімінің және қорғалған полиграфиялық өнімнің технологиялық үлгілерін паш ететін түркі жазба ескерткішіне арналған «Күлтегін» ескерткіш банкнотын ұсынады. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, қазақстандық коллекциялық монеталарды өндіру және дизайны сапасы әлемде ең үздіктердің қатарында. Бұған беделді халықаралық конкурстардағы көптеген жеңістер дәлел (15 түрлі номинация). 2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кезекті рет «Жылдың ең үздік банкноты» номинациясында марапат алғаны белгілі. Бұл марапатты ағымдағы жылғы мамырда Халықаралық банкнот қоғамдастығы (International Bank Note Society) «2013 жылғы ең үздік банкнот» номинациясында түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1 000 теңгелік «Kүлтегін» ескерткіш банкнотына берді. ҚР Ұлттық банкі бұған дейін де үздік банкнот марапатын екі рет алған болатын. Қазақстан әзірге үш рет «үздік банкнот» атағын алған әлемдегі жалғыз мемлекет болып отыр.

Соңғы жаңалықтар