ҚР Ұлттық Банкі «Ана» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Жүректен жүрекке» монеталар сериясынан «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Ана» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды . Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ана» монетасы - монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды адамнан адамға, жүректен жүрекке өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған серияның алғашқы монетасы.

Ескерткіш монетаны «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Монета кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proof», ең көп таралымы - 5 мың дана.

Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Монетаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы интернет - дүкен арқылы сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар